RU
Әуелбекова "Томиристі" сомдаған шәкіртінің ақшасын өз қалтасына басқаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әуелбекова "Томиристі" сомдаған шәкіртінің ақшасын өз қалтасына басқаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші әрі бүгінде қыздардан құралған топтың продюсері атанған Мөлдір Әуелбекова ел талқысына түсті. Көпшілік қазақстандық әртісті шәкіртінің жеке қаламақысын өзіне алып алғанын айтып айыптауда. Әуелбекованың тобындағы ару Ақан Сатаевтың фильмінде Томиристің рөлін сомдаған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Отандық танымал әншіні жас шәкіртінің "Томиристегі" рөлі үшін алған жалақсысын өз қалтасына басып алған деген болжам бойынша айыптауда. Ел арасында қызу талқыға түсіп, шу тудырған оқиғаға қатысты сұрақтарға Мөлдір Әуелбекова жауап беріп, халық күдігіне нүкте қойды.

Анықталғандай, келісімшарт бойынша топтан тыс түсірілімдерден алатын қаламақы продюсерлік орталыққа тиесілі. Алайда, Әуелбекова бұл тұрғыда басқа көзқарасты ұстанатынын айтып, біреудің еңбегін жеуден аулақ екенін жеткізді.

"Негізі продюсерлер өзге жобаларға өз қарамағындағы әртістерін жіберген кезде түбегейлі гонорарды өзіне алады. Бірақ мен ойлаймын біреудің ақысын жеуге ешқандай қақым жоқ. Ол өзінің еңбегі. Салтанаттың қазіргі таңда қаламақысының бірінші төлемі түсті. Бірақ менің оның бір тиынын да алғам жоқ. Алатын ойым да болған емес" , - деп қайырды әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel