RU
Өскеменде қызы діни ағымның жетегінде кеткен ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде қызы діни ағымның жетегінде кеткен ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Өскеменнің 40 жастағы тұрғыны қызының жат ағымның жетегінде кеткенін айтып, жан сырымен бөлісті. Абырой болғанда, мамандардың көмегімен адасқан бойжеткенді өзге ағымнан алып шыққан көрінеді. Бұл туралы altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Азаттық радисы

Көрнекі фото: Азаттық радисы

Өскемендік тұрғынның айтуынша, мектеп бітіретін қызы алдымен "оқуға түспеймін, жұмыс істеп отбасына көмектесемін" деген көрінеді. 40 жастағы ана жолдасымен ажырасып жатқандықтан, бастапқыда қызының бойынан қандай да бір өзгерісті байқамапты. Алайда бірде қызы "жақсы адамдарға жолыққанын, олар ақшасы көп жұмыс тауып беретінін" айтқан екен. Анасы бұған да келісіпті.

Уақыт өте келе қызы "бір адамды кездестіргенін, сонымен шаңырақ көтерітін" мәлімдеген. Анасының қарсылығына қарамастан, қызы сол бейтаныс адамға тұрмысқа шығып, үстіне "хиджаб" киген. Сосын оның намаз оқу мәнері де өзгеріп, туыстарымен, жақындарымен араласудан қалған.

Дегбірі қашқан тұрғын бірден арнайы теолог-мамандарға жүгініп, қызына кеңес беруді өтініпті. Алғашында, не анасының, не мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен, біршама уақыттан соң, өзінікі қате екенін түсініп "бұрынғы өміріне" қайта оралыпты.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, психолог мамандығын алуды көздеп жүр екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel