RU
Депутаттар еліміздегі пойыз дәретханаларының жағдайын сынап тастады
Жаңалықтар Қоғам

Депутаттар еліміздегі пойыз дәретханаларының жағдайын сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Парламент Мәжілісі депуттаттары пойыздардың санитарлық жағдайын сынап тастады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: environmentaljournalists.com

Көрнекі фото: environmentaljournalists.com

"Ауыл" партиясының өкілі Фарид Ақбердиевтың айтуынша, ескі вагондардың жағдайын айтуға, тіпті, ауыз бармайды.

Оның сөзінше, пойыз дәретханаларынан жағымсыз иіс шығады, сабын мен дәретхана қағаздары атымен жоқ.

"Ылғалды жинау жүргізілмейді. Салқындатқыш жұмыс істемейді, перделер де таза емес. Олар қайта-қайта түсіп кете береді. Пойызда балық , іш киім сатады. Вагон емес тап бір базар сияқты. Ал жолсеріктер спорттық шалбар киіп жүреді. Біреу осы жағдайға назар салып жатыр ма?
Бұған жауапты адамдар ұшақпен жүреді. Мен жол бөлімінің басшысы жүретін вагонды да көрдім. Ол жақта барлығы тап-таза", - деді Ақбердиев Экономикалық реформа мен өңірлік даму комитетінің отырысында.

Ал Инвестиция және даму министрлігінің көлік комитеті басшысы Әсет Асаубаевтың айтуынша, елде 2000 вагон жолаушыларды тасуға арналған. Алайда олардың көп бөлігі ескіріп кеткен. Қазіргі уақытта жекеменшік компаниялар оларды жаңарту үстінде екен. Олардың қатарындағы санитарлық ережені бұзғандарға айыппұл салынатын көрінеді.

"Осы уақытқа дейін 57 млн теңге айыппұл салынды. Әрине, біз барлық мәселені шеше алмаймыз. Бізге вагондарды жаңарту керек", - деді Асаубаев.

Пойыздағы қиындықтар туралы депутат Нұртай Сабильянов та айтты.

"Қыста Аягөзден Алматыға бара жатқан кезде дәретхана 20 вагонның ішінде тек екі вагонда ғана жұмыс істеп тұрды. Ауа-райы 40 градус төменді көрсетіп тұрды, кішкентай балалар бар. Ал вагонда, тіпті, салқын су да болмады", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттары көлік мәселесіне қатысты заң актілеріне бірнеше өзгерістер енгізуді талқылауды бастап кетті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel