RU
Самал Еслямова Канндағы жеңісіне қарамастан ауылда тұруды жөн санады ма?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Самал Еслямова Канндағы жеңісіне қарамастан ауылда тұруды жөн санады ма?

Рассказать Вконтакте

Канн фестивалінде үздік атанған отандық актриса ауылдағы өмірді жайлы сезінсе керек. Голливудтық өнерпаздарды шаң қаптырып елге оралған Самал Еслямованы ауылда көрген жұртшылық қатты таңғалған. Көпшілік әлемдік сыншылардың көңілінен шыққан арудың шалғай ауданда не істеп жүргенін біле алмай әлек болған деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Алматы облысындағы ауылдардың бірінен Самал Еслямованы көріп қалған көпшілік таңданысын жасыра алмаған. Тіпті халық арасында Канн фестивалінде жұлдызы жанған арудың ауылға көшіп кеткені туралы ақпарат та тарап үлгерген.

Алайда, голливудтық актрисаларды басып озған қазақ қызы отандық фильмнің түсіріліміне келгені анықталды. Жаңа туындысына білек сыбана кірісіп кеткен Самал уақытша ауылда тұратынын растады. Оған түсірілімнің кең далада өрбуі себеп болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel