RU
Астанада балабақша өртеніп кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада балабақша өртеніп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін сағат таңғы 07:34-те елордалық Сарыарқа ауданындағы "Көктал-1" тұрғын алабында орналасқан "Балдәурен" балабақшасы өртке оранды. Мемлекеттік емес мекемені тілсіз жау жайлағаны туралы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Жалын 30 шаршы метр ауданды шарпыған. Мамандар өртті сағат 07:51-де ауыздықтай бастап, 08:15-те толығымен сөндірген.

Өрт салдарынан газға уланып қалған 1973 жылғы балабақша қызметкері ауруханаға жеткізілді.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Орын алған төтенше жағдайды ауыздықтауға Астана өрт сөндіру қызметі 12 құтқарушы мен 4 арнайы техника жұмылдырған.

Өртті сынау зертханасының сарапшы мамандары жалынның пайда болуына не себеп болғанын анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel