RU
"Қазақ жігіті идеал": Алашұлы тобы атышулы KeshYou әншісіне жауап берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақ жігіті идеал": Алашұлы тобы атышулы KeshYou әншісіне жауап берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Рухты әндерімен және ерекше билерімен танылған "Алашұлы" тобы "қазақ эстрадасында идеал жігіт жоқ" екенін айтқан Балжан Бидашқа қарсы пікір білдірді. Отандық блогердің дәстүрлі сұрақтарына жауап берген жігіттер желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық танымал тұлғалармен түрлі тақырыпта сөз қозғап, видео түсіретін Ерғазы есімді блогер "жұлдызды сұрақ-жауап" айдарының жалғасын көрсетті.

Бұл жолы ол Баян Алагөзова таратып жіберген "KeshYou" тобының әншісі Балжанның мәлімдемесіне "Алашұлы" жігіттерінен жауап алған.

Бойжеткен бұған дейін "қазақ эстрадасында идеал жігіт жоқ" деп айды аспанға бір шығарған еді.

Ал бүгінде рухты әндерімен елге танылып жүрген "Алашұлы" тобының мүшелері Балжан Бидаштың сөзіне қарсы шықты.

Қазақстан жастарының конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы қойған сауалға жауап берген әнші жігіттер арасында әзілдеп те алды.

Олардың айтуынша, қазақ қыздары үшін қазақтың жігіттерінен артық идеал жоқ.

"Қай-қайсысы да намысты, тепсе темір үзетін, мықты-мықты жігіттер ғой. Бидашка дұрыстап қарау керек", - деп кесіп айтты топ әншісі Мақсат Рахмет.

Аталмыш мәлімдемені желідегі парақшасына жариялаған Ерғазы Әзімханұлы оқырмандарынан "бұл сөздермен келісесіздер ме?" деп сұрады.

Ал желі қолданушылары болса сәйкесінше өз ойларын білдіріп, пікірлерімен бөлісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel