RU
Қайрат Нұртастың келіншегі өзін "біліксіз" деп сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың келіншегі өзін "біліксіз" деп сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Ұлттық арнадағы "Шаңырақ" бағдарламасын тізгіндеген Қайрат Нұртастың жұбайы өзін "біліксіз" деп сынағандарға жауап берді. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдукәрімованың 80 минуттық тікелей эфирді жүргізгеніне үш күн болған. Алайда, ол бағдарлама туралы өз ойымен енді ғана бөлісіп отыр. Тележүргізуші осы уақытқа дейін жазба қалдырудан қорыққан екен.

"Шыны керек, парақшама салуға жүрексіндім, ұялдым десе де болады. Себебі, тікелей эфирдің тізгінін ұстап, аяғына дейін алып шығу оңай болған жоқ, бастан аяқ қобалжу сезім үстінде болдым" ,- деген ол жазбасында.

Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекованың келіні көш жүре түзелетінін айтып, алдағы уақытта ұжымның үмітін ақтайтынына сенетінін айтты.

"Ешкім тәжірибелі маман болып тумайды. Көш жүріп үйренеді емес пе?!", - деді тележүргізуші.

Одан бөлек, Жұлдыз кадр сыртында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбектерін айтып, Ұлттық арна ұжымына алғыс білдірген.

Сондай-ақ, ол сенім білдірген енесі Гүлзира Айдарбекова мен қайын атасы Нұртас Айдарбековке, қолдаған жұбайы Қайрат Нұртасқа алғыс айтыпты.

Тележүргізуші халықтан тек жақсы пікірлер күтетінін жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
1
0
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel