RU
Ақтөбеде мешіт қызметкері 57 жастағы ананы жүргіншілер жолағынан көлігімен сүйреп кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбеде мешіт қызметкері 57 жастағы ананы жүргіншілер жолағынан көлігімен сүйреп кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде мешіт қызметкері жүргіншілер жолағында 57 жастағы ананы сүйреп кеткен. Нәтижесінде көпбалалы ана алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: www.vnd12.ru

Фото: www.vnd12.ru

Қайғылы жағдай 7 қыркүйек күні тіркелді. Жол-көлік оқиғасы Орск трассасы бойында "Заречный4" ауылының тұсында болды. Жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел адамды жеңіл машина сүйреп кеткен.

"Көршімізді кеше жер қойнына тапсырдық. Зәуреш апа өте жақсы кісі еді. Жүргіншілер жолағынан өтерде бір машина тоқтап жол берген, екіншісі сүйреп кетіп барып тоқтаған. Қаққан, сүйреген деп естідік. Әйелдің күйеу баласына жедел жәрдемнің дәрігерлері хабар берген. Қағып кеткен жүргізуші мешіт қызметкері деп естідік. 20 жастағы жігіт екен. Апаның үйіне көптеген сақалды жігіттер, мешіт қызметкерлері келіп, көңіл айтты. Апаның қонақ асы ғана үйінде болды. Садақа "Нұр ғасыр" мешітінің асханасында өтті. Ол кісінің төрт қызы бар, үшеуі тұрмыста. Бәрінің де кішкентай балалары бар", - дейді көршілері.

Көршілерінің айтуынша, марқұм сол күні "Нұр сити" ауданында тұратын қызының үйіне шыққан.

"Орск трассасының бойында жүргіншілер жолағымен өткен 57 жастағы әйел адамды машина қағып кеткен. "103" қызметі ауыр жарақат алған тұрғынды облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізді. Зардап шегуші жабық ми жарақатын алған және иығы мен сол жақ қабырғасы сынған", - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлері үлкен трасса бойында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бірінші рет емес дейді. Тұрғындар мектеп алдындағы үлкен трассаға жол кедергісі мен бағдаршам орнатуды сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel