RU
Астанада ІІМ басқармасының басшысы парамен ұсталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ІІМ басқармасының басшысы парамен ұсталды (видео)

Рассказать Вконтакте

12 қыркүйекте МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлықта әшкереленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан скрин

Фото: Видеодан скрин

Көліктегі ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы лауазымды тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген 50 000 АҚШ доллары сомасының 11,5 млн. теңге көлеміндегі параны алу барысында ұсталды.

Ұстау барысында ол Ұлттық бюро департаментінің жедел департаменті қызметкерінің автокөлігін соқтығып, қарсыласу көрсеткен және бой тасалауға әрекет жасаған.

Айта кетейік, оның лауазымдық міндеттерінің аясына республика бойынша ұйымдасқан түрдегі қылмыстарды тоқтату және анықтау кірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
12
2
0
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel