RU
Қарағанды облысының тұрғынын сабағаны үшін үш полицей қызметін босатты
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысының тұрғынын сабағаны үшін үш полицей қызметін босатты

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысындағы Осакаровка ауданының тұрғынын сабады деп айыпталған екі полиция қызметкері ішкі істер органындағы жұмыстарынан босады. Оcы іске қатысты ауылдағы учаскелік полицей де қызметінен кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: lawyer-expert.ru

Көрнекі фото: lawyer-expert.ru

Оған қоса, айыпталушы екі экс-полицейге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуді. Күдіктілер жол-патрульдік полициясының инспекторы және тергеуші болып қызмет еткен.

Осыған дейін Осакаровка ауданының тұрғыны полиция қызметкерлерінен таяқ жегенін мәлім еткен болатын. Жәбірленушінің сөзіне сүйенсек, оқиға 8 қыркүйек күні ауылдағы дүкен маңында болған. Дүкен сатушысы тәртіп сақшыларын шақырады. Алайда азаматтың айтуынша, полиция қызметкерлері оқиғаның қалай болғанын анықтап, шабуылшыларды қамауға талпынбаған. Оның орнына тып-тыныш келіп, күдіктілермен сәлемдесіп, қайтадан кетіп қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel