RU
Қордай жұртын дүрліктірген қылмыскерлер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қордай жұртын дүрліктірген қылмыскерлер ұсталды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында Қордай жұртын дүрліктірген қылмыскерлер ұсталды. Алматыдан келген үш азамат тонаған заттарын сол аймақтағы зираттардың арасына тығып жүрген деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: novosti33.ru

Көрнекі фото: novosti33.ru

Полицейлердің айтуынша, қазір азаматтар ұсталған. Олар өз кінәларын мойындап, тергеу жұмыстарының жылдам өтуіне көмектерін тигізіп жатыр.

Бұл қылмыстық топ ауыл тұрғындарының үйіне басып кірген, қордайлықтарды ұрған, сондай-ақ, 68 жастағы зейнеткерді өлтірген деп айыпталып отыр. Олар барлық тонаған заттарын зираттардың қасына апарып отырған екен.

Ұсталғандардың үшеуі де Алматыдан келген болып шыққан. Олардың жұмыстары мен жанұялары да бар. Аталғандардың екеуі Қордай ауданының тумалары болып шығыпты.

"Біз үш азаматты ұстадық, олардың екеуі Қордай ауданының , біреуі Алматы қаласының тұрғындары. Олар кініларын мойындады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз күдіктілердің басқа қылмысқа да қатысы бар, жоқ екендерін анықтап жатырмыз" , - деді Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қылмыстық топ тізбектелеген қылмыстарды шілде айының аяғында жасаған. Олар бетперде киіп, тұрғындарын үйіне баса-көктеп кіріп жүрген. Тонаушылар адамдарды ұрып, бағалы заттары мен ақшаларын алып кетіп отырған.

Осындай қылмыстың бірінде ағаш таяқпен жүрген ұрлықшылар зейнеткердің үйіне кіріп, аяусыз ұрып-соғып, 100 мың теңге мен 500 еуро алып кеткен. Тісі мен қабырғасы сынған 68 жастағы ақсақал жарақаты салдарынан екі аптадан соң қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel