RU
Түркістан облысында атыс ұйымдастырған диқандарға қатысты сот санкциясы шықты
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында атыс ұйымдастырған диқандарға қатысты сот санкциясы шықты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын клиентке таласып, атыс ұйымдастырған Түркістан облысы Шардара ауданының Достық ауылының диқандарына қатысты сот санкциясы шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: BNews.kz

Фото: BNews.kz

Шардара аудандық соты 4 азаматты екі айға қамауға алу туралы сырттай санкция берді. Аталған төртеу әлі де қолға түспеген. Оқиға болған күні іздерін суытып, жасырынып үлгеріпті.

22 жастағы жігіттің өмірін қиған қанды оқиғаға қатысы бар 4 күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2-ші бөлігі, 1,6,7,9 тармақтарымен, яғни екі және одан көп адамды өлтіру, бұзақылық пиғылмен айналадағыларға қауіп төндіру, топтанып қылмыс жасау , 287 баптың 4-ші тармағымен, яғни заңсыз қару сақтау, 293 баптың 3-ші тармағымен, қару пайдалану арқылы бұзақылық жасау бойынша айып тағылды.

Бұл туралы Шардара аудандық сотының координатор судьясы Сапархан Омаров мәлімдеді. Сырттай қамауға алу туралы санкция берілген төрт күдікті де Шардара ауданының тумалары. Бұрын сотты болмаған.

Айта кетейік, күдікті төртеуі де әлі полиция қолға түсірген жоқ. Кісі өлімінен кейін із суытып, жасырын үлгіріпті. Іздестіру және құрықтау үшін барлық қажетті іс шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 7 қыркүйек күні Шардара ауданы Достық ауылында егіс даласында диқандар арасында қанды атыс болған еді. Жүк тасымалымен айналысқан 22 жастағы жігіт қаңғыған оқтан көз жұмған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
3
6
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel