RU
Ақтөбеде орамал тағып, сабаққа қатыспаған оқушылар келесі сыныпқа көшірілмей қойды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде орамал тағып, сабаққа қатыспаған оқушылар келесі сыныпқа көшірілмей қойды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы өңірде орамал мәселесінің шешілмей тұрғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: Sputnik Кыргызстан

Фото: Sputnik Кыргызстан

"Орамал мәселесі былтырғы оқу жылында 8 қарашадан бастап 340 балаға қатысты болатын. Жыл аяғында, 25 мамырда төрт бала қалды. Оларға мүмкіндік берілді. Соның ішінде тек №40 мектептің ата-анасы баласын жазғы демалыста сабаққа әкеліп, оқушы 1 қыркүйекте келесі сыныпқа көшірілді.

Қалған үш бала көшірілген жоқ. Өйткені ол балалар бағдарламаны толық меңгерген жоқ. Қазақстанда дистанциондық оқыту жоқ. Сондықтан оны ата-аналар түсіну керек", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Бас ұстаз жаңа оқу жылында орамал мәселесінің тағы да өзекті боп отырғанын айтты. Ақтөбеде "орамалсыз қызымды сабаққа жібермейміз" деп отырған ата-аналар әлі де бар.

"Барлық ата-ана мектеп формасын сақтау керек. Қазіргі таңда сабаққа кірмей жүрген ата-аналар бар. Ол ата-аналармен заң жүзінде жұмыс жасайтын боламыз", - деді Оразбаева.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel