RU
Қарағандыда оқушы қыздың менингитке шалдыққаны белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда оқушы қыздың менингитке шалдыққаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда менингитке шалдыққан 6 сынып оқушысы инфекциялық ауруханаға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: 56orb.ru

Көрнекі фото: 56orb.ru

Қазіргі таңда оқушының сыныбында карантин жарияланған.

"Бұл бір ғана жағдай, алтыншы сыныпта карантин жариянланды. Қазір мұнда қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары жұмыс жасап жатыр. Мәселе бақылауға алынды",-дейді № 102 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары.

Алайда науқас оқушының сыныптастарының ата-аналары дабыл қағып отыр. Олар бұл жағдайды мектеп басшылығы құпия түрде сақтағысы келгендіктерін алға тартты.

"Бұл фактіні ата-аналар мен қоғамнан жасырғылары келді",-дейді ата-аналардың бірі.

Олардың барлығы дерлік балаларының денсаулық жағдайын тексерту үшін, аурухаларға апарып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel