RU
Шымкентте кафеден тамақтанып қайтыс болған қызға қатысты жаңа мәлімет шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте кафеден тамақтанып қайтыс болған қызға қатысты жаңа мәлімет шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте баланың уланып қайтыс болуына байланысты, оның ас ішкен "Адана" кафесінде жоспардан тыс тексеріс басталды. Бұл туралы Білім министрлігіне қарасты әлеуметтік денсаулықты қорғау комитеті мәлімдеді деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Анықталғандай, алдын ала тексеріс барысында зардап шегушілер жеген тағамдары арнайы бактериологиялық зерттеуге алынған.

"Тексеріске пиде, сүтті-бананды коктейль мен су алынды. Оған қоса, кафе қызметкерлері де жіті тексерістен өтті. Сонымен қатар, зардап шегушілер кафеден шыққан соң үйлеріне суши мен пиццаға тапсырыс бергені анықталды.
Жоғарыда аталған тағам түрлерінің барлығы арнайы сараптамадан өтпек. Орын алған бала өліміне қатысты Шымкенттік денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық әлеуметтік денсаулықты қорғау департаментінің бірігуімен тәуелсіз мамандар жұмылдырылған коммиссия құрылды.
Олар бала өлімінің орын алуына орай Шымкенттік инфекциялық ауруханаға қатысты жоспардан тыс тексеріс жұмыстарын бастады", - деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарының қосымша кейінірек хабарланатын болады.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні кафеден тамақтанған анасы мен қызы ауруханаға түсіп, улану нәтижесінде қыз бала қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
5
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel