RU
Атырау перзентханасында жүкті әйел көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырау перзентханасында жүкті әйел көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Атырау перинаталды орталығында жүкті әйел көз жұмды деп хабарлайды өңірлік "Ақ жайық" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: health.facty.com

Көрнекі фото: health.facty.com

Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні облыстық перзентханада орын алған. Көз жұмған келіншектің жасы 25-те екен.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің мәліметінше, қазір жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал ақ халаттылар бұл жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Дереккөздің хабарлауынша, сол күні әйел басы ауырып тұрғанын айтып, дәрігерлерді үйге шақырған. Келіншек бірден жан сақтау бөліміне түсіп, артынша көз жұмған екен.

Марқұм жүктіліктің 34-ші аптасында болыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel