RU
Шымкентте талайды "қан жылатқан" төрт әккі ұры қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте талайды "қан жылатқан" төрт әккі ұры қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте "54 адамның қалтасына түсіп, қан қақсатқан" деп айып тағылған төрт әйелге қатысты бүгін сот үкімі оқылды. Бірақ бүгін сот залында сотталушы төртеу 31 ұрлық фактісі бойынша қылмыстары дәлелденбеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Олар қалған 23 қалта ұрлығы бойынша кінәлі деп танылып, ең көбі 7 жылдан, ең кемі 5 жыл екі ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталушылар сот үкімімен жазасын орташа қауіпсіздікті мекемеде өтейтін болады.

"54 ұрлық көрінісі бойынша айып тағылған. Сотқа ұсынылған дәлелдемелер негізінде 31 эпизод бойынша кінәсіз деп танылды. Басқа қылмыс фактілері өз дәлелін тапты. Сот үкімі заңды күшіне енген соң жәбірленушілер азаматтық тәртіппен ақшасын өндіру үшін талап арыз бере алады", - дейді Абай аудандық сотының судьясы Қанат Мылтықбаев.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қомақты қаржысынан қағылған арызданушылардың дені ұрыларға қалай жем болғанын байқамай да қалғанын да айтады. Тіпті сотталушылардың сиқырлап, яғни гипноздап тастайтын қасиеттері бар екендіктерін айтып қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
6
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel