RU
БҚО-да әріптесі атып өлтірген полицейдің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да әріптесі атып өлтірген полицейдің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді

Рассказать Вконтакте

БҚО-да әріптесінің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерінің әкесі Жасқайрат Рахышев "Уральская газета" басылымына сұхбат беріп, баласының өлімі туралы айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Жасқайрат Рахышев, марқұм болған Рүстемнің әкесі, фото uralskweek.kz

Жасқайрат Рахышев, марқұм болған Рүстемнің әкесі, фото uralskweek.kz

Рүстемнің әкесі айтып бергендей, полиция басшылығы істің кейбір тұстарын жасырып отыр. Мәселен, сот-медициналық сараптамасында марқұмның денесінен 6 оқ алынғанын, оның екеуі басына тигенін, екеуі денесіне, бірі мойнына және тағы біреуі аяғына тигені жазылған екен. Алайда ресми мәлімдемеде оны төрт оқтан қайтыс болғаны айтылыпты.

Марқұмның жақындары қылмысты алдын-ала жоспарланған деп санайды. Сондай-ақ оған АІІБ басшылығы мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының да қатысы болуы мүмкін дегенді алға тартады.

Қайғылы оқиға болатын күні кешке жоспарлы жиын өткен. Онда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы,бірінші взвод бастығы Рүстем Рахышев пен екінші взвод бастығы Бисалиев қатысуы тиіс болған. Алайда онда тек Рахышев келіп, Серік Гарифке жұмысқа кешіккені үшін сөгіс береді.

Осыдан кейін марқұмның әкесінің айтуынша, Рүстем басқа әріптестерімен бірге АІІБ ғимаратынан шығып кеткен. Оның артынша Гариф те шығып, ескертусіз бірнеше рет атып жіберген.

Рүстемнің туыстары сот шешімі бар кінәні марқұмның өзіне арта салуы мүмкін бе деп қорқады. Сондықтан қорғаушы жалдап, қалай да шындықтың түбіне жетеміз деп отыр.

Еске салсақ, 6 қыркүйек күні кешкі бес шамасында Ақжайық ауданындағы АІІБ ауласында полицей взвод командирін атып өлтірген. 24 жастағы қызметкер табельдік қаруды пайдаланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel