RU
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің дүние-мүлкінен өзіне не тиесілі екенін ашып айтты
Жаңалықтар Қоғам

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің дүние-мүлкінен өзіне не тиесілі екенін ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Белгілі продюсер Баян Алагөзова "Ревю" бағдарламасына сұхбат беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Ол НТК арнасына Бақытбек Есентаевтың мүлкін екеуара қалай бөлісіп алатыны жайлы да айтқан деп жазады NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Телеарнаның "Ревю" бағдарламасында ол бұрынғы күйеуінің мүлкін бөлуге қатысты да пікір білдірген.

"Негізі мүлікті бөлісу процесі ажырасқалы жатқан кез келген ерлі-зайыпты арасында болады. Қазір мұның бәрінің айтылып отырғандығының себебі – мені бәрі біледі. Сондықтан, маған қатыстының бәрі шулы оқиға, пиар ретінде қабылданып жатыр. Шындығында бұл кез келген отбасында болатын әдеттегі жағдай, оған таң қалудың қажеті жоқ",-дейді продюсер.

Ал отбасындағы бақыт тақырыбына келгенде, атышулы продюсер өзінің бақытты күндері көп болғанын мәлімдеген.

"Бақыттымын немесе керісінше бақытты емеспін деп қалайша кесіп айтуға болады? Өмірдің ағы да, қарасы да болады. Бірақ өз басым бақытты күндерім көп болды деп санаймын",-деп күле жауап берген Алагөзова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
3
2
2
3
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel