RU
Айсәуле Бақытбектің тойы қашан болады?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айсәуле Бақытбектің тойы қашан болады?

Рассказать Вконтакте

Атышулы Баян Алагөзова НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына келіп, қызы Айсәуле Бақытбектің тойы қашан болатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Продюсердің айтуынша, бүгінде Айсәуле Бақытбектің некесі қиылған көрінеді.

"Қазір қызым некесін қиды, ол ресми түрде күйеу балам Әлішердің қалыңдығы болып табылады. Ал тойлары басынан бастап-ақ наурыз айының 9-ында, ұзату тойы соған дейін бір апта бұрын өткізіледі деп жоспарланған еді. Негізінде менің өзім де тойдың наурыз айында болатынын білмеппін. Мен жазда өтеді деп ойлап жүріппін",-дейді продюсер.

Сонымен бірге ол балаларының жеке өміріне араласпайтынын айтқан.

"Мен жақсы ене боламын деп ойлаймын. Әлішермен де қарым-қатынасымыз тамаша. Балалардың жеке өміріне араспаймын. Өз өміріме де ешкімді араласпайтынын қалаймын, бірақ өздеріңіз білесіздер, менің жеке өмірімді бүкіл ел біледі",-деп күлді продюсер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
0
2
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel