RU
Дәрігерлер жүрегі сыртына біткен сәбиді аман қалыпты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Дәрігерлер жүрегі сыртына біткен сәбиді аман қалыпты

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Лестер қаласында ерекше сәби дүниеге келді. Оның жүрегі денесінің сыртында жаралған екен. Дәрігерлер күрделі ота жасап, нәрестінің денсаулығын қалыпқа келтірді деп хабарлайды germania.one-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: germania.one

Фото: germania.one

Сәбидің жүрегін қалпына келтіру отасына 50-ден астам маман қатысқан. Британияда алғаш рет жүрегі сыртына біткен нәресте осындай күрделі отадан кейін аман қалған.

Ерекше сәбидің ата-анасы шақалақтың денсаулығындағы ақауларды жүктіліктің 9-айында ғана білген екен. Дәрігерлер оның жүрегі мен асқазанының бір бөлігі денесінің сыртында екенін анықтаған. Десе де нәрестенің денсаулығынан басқа кінәрат табылмаған. Ол аман-есен дүниеге келген. Алайда туғаннан кейін 50 минут өткен соң ол отаға жатқан. Сәбиге екі рет ота жасалып, оның жүрегі кеудесінің ішіне орналастырылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel