Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздарға кеңес: Жігіттердің жүрегін қалай жаулауға болатынын білесіз бе?

Опубликовано:

девушка тянет парня за галстук
Көрнекі фото: syl.ru: UGC

Көптеген қыздар ұнатқан жігіттерінің назарын өзіне аударғысы келеді. Алайда көп жағдайда ерлер арулардың сезімін байқамай жатады. Олардың арасында "жоқ" деген жауап естуден қорқатын азаматтар да бар. Ендеше, жүрек қағысыңызды арттыратын жігіттің жүрегін қалай жаулау керегін womensrules.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ баяндайды.

Кез келген ару әдемі. Дегенмен жігіттерге нәзік жандылардың өзіне тән қылығы мен мінезі ұнайды екен. Ал ерлерді есін білместей ғашық ету үшін азғантай ғана істерді жасап жүрсеңіз жеткілікті.

1. Сырт келбет.

Ер азаматтарға, ең бірінші, қыздың дене бітімі мен мүсіні, шашы мен денесінің жұпар иісі ұнайды екен. Сондай-ақ, олар жүрісіңіз бен киіміңізге аса мән беретін көрінеді.

2. Көзқарас

Жігіттің көзіне тік қараудан ұялмаңыз. Керісінше, оның жанарынан жүрегін байқауға тырысыңыз. Сондай-ақ, көзбен еркелеп қарап үйрену жігіт назарын аударуға көмектесетінін ұмытпаңыз.

3. Қулық

Махаббат үшін азғантай ғана қулыққа бару аса ауыр күнә емес. Қызыл түсті киім киіп шыққаныңыз ер азаматтың назарын бірден аударатынына сенімді болыңыз. Сондай-ақ, үнемі жымиып, күліп жүретін қыздар мұңайып жүретін аруларға қарағанда қаттырақ көзге түсетінін естен шығармаңыз.

Көп қимылдайтыныңызды көрсетіңіз, себебі жігіттер ширақ қыздарды ұнатады. Ең соңғысы, құпия болыңыз. Мысалы, жігіттің көзіне күліп қарап, басыңызды төмен түсіре салуыңызға болады. Бұл әрекет олардың ойын сан саққа жүгіртетіні анық.

4. Сөйлесу

Шынайы болыңыз, қалжыңға жауап беріп үйреніңіз. Оның өмірге деген көзқарасын тыңдап, өз ойыңызды айтудан да қымсынбаңыз. Әрдайым қуанышты болып, өмірдің ләззатын сезініп жүріңіз.

5. Дене қимылдары

Өзіңізге байқалмаса да, сіздің іс-қимылдарыңыз жігіттің көзіне бірден түседі. Сол үшін төгілген шашыңызды артқа лақтырып,. бір аяғыңызды екінші аяғыңыздың үстіне қойып отыруды үйреніңіз. Құпия көзқараспен қарапуды да санаңызға сіңіріп алыңыз.

Осы әрекеттерді жасаған болсаңыз, сіз ұнатқан жігіт өз жүрегін ұсынарына сенімді болыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1752581-kyzdarga-kees-zigitterdi-zregin-kalaj-zaulauga-bolatynyn-bilesiz-be/

pixel