RU
Екібастұзда биіктен секіріп өлмек болған оқушы қыздарға қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Екібастұзда биіктен секіріп өлмек болған оқушы қыздарға қатысты тың дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Екібастұзда 15 жасар екі оқушы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті. Қыздардың бірі сол жерде көз жұмса, екіншісі ес-түссіз ауруханада жатыр. Полиция өз-өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Екібастұзда биіктен секіріп өлмек болған оқушы қыздарға қатысты тың дерек шықты

Көрнекі фото: NewsRoom

Ауруханада жатқан қыздың басы жарылып, қол аяғы сынған.

Марқұм болған қыз кеше әжесінен осында тұратын құрбысының үйіне қонып қалуды сұраған екен. Әжесі рұқсат бермегенімен оқушы осында қалуды ұйғарыпты. Ақыры бес қабатты үйдің подъезіндегі терезеден қонаққа келген қос қыздың екеуі де секіріп кеткен.

Салдарынан бірі ауруханаға жетіп көз жұмса, екіншісі қазір жансактау бөлімінде жатыр. Білім бөліміндегілер болса, суицид жасаған жеткіншектердің ата-аналары ажырасып кеткен дейді.

Екі қыз да аналарының тәрбиесінде екен. Биіктен секірген олар Екібастұз қаласындағы екі мектептің 9-сынып оқушылары. Полицейлер жасөспірім қыздарды бұл қадамға не итермелегені жөнінде әзірге жақ ашпай отыр. Дегенмен, арнайы тексеріс пен сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Бұл жайтқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстың Кодексінің 105-ші  бабы Өз өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - дейді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Алма Мұсабекова.

Ал бейресми мәліметтерге қарағанда, қос оқушының мұндай қадамға баруына жауапсыз махаббат себеп болған. Көз жұмған қыздың  бұған дейін нашар тәртібіне байланысты мектептегі арнайы тізімде болғанын айта кетейік. Бірақ биыл мінез-құлқы біраз түзеліп, жақында ол тізімнен шығарылыпты. Ал ақхалаттылар оның құрбысының өмірін сақтап қалу үшін қазір қолдан келгенді жасап жатыр. Суицидке нақты ненің себеп болғанын алдағы уақытта полицейлер анықтауы тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel