RU
Дәрігерлер Қарағандыда менингит жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Дәрігерлер Қарағандыда менингит жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 6-сынып оқушысынан менингит анықталғаны туралы ақпарат тараған-ды. Сабақта қызуы көтеріліп, басы айналған жеткіншек бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер қауіпті ауру жұқтырған оқушының қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Дәрігерлер Қарағандыда менингит жұқтырған баланың жағдайы туралы айтты

Көрнекі фото: krasnodar-narkologiya.ru

Баланың қазіргі жағдайы жақсарған дейді дәрігерлер. Айтуларынша одан анықталған серозды менингит дер кезінде дәрігер қараса қауіп әкелмейді. Оқушының қасында жүргендерден дерт анықталмаған.

Бірақ, ауа және су арқылы жұғатын осы дертке бола, заң бойынша мектептерде карантин жарияланбайды екен. Сондықтан, дәрігерлер баланың денсаулығына ең алдымен ата-ананың көңіл бөлуін еске салады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel