Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызымыз бастан асады": Сенат депутаты Бектаев вице-министрге шүйлікті

Опубликовано:

Сенат депутаты Әли Бектаев мемлекеттік қарыздың жыл сайын өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қарызымыз бастан асады": Сенат депутаты вице-министрдің сөзіне ашуланып кетті
Әли Бектаев. Фото: ult.kz: UGC

Сенатта өткен мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борышы, квазимемлекеттік сектордың борышы мәселелері бойынша жиында белгілі болғандай, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2018 жылдың 1 шілдесінде 14,2 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,8 процентін құраған. 

Осы орайда сенат депутаты Әли Бектаев мемлекет борышына қатысты алаңдаушылығын білдірді. Сенатор экономистер мен қаржыгерлердің қарыздың неге қайтпайтын салаға құйылатынын сұрады. 

"Мен мына мәселеге көңіл бөлгім келеді. Займ деген қарыз ғой, солай емес пе?! Қарызды қайтатын жерге, яғни өндіріске, бизнеске, тағы басқа салаларға салу керек.

Түрлі халықаралық қаржы институттарынан қаншама қарыз алып, оны білім, медицина, жұмыспен қамту салаларына салу дегенді өз басым түсінбеймін.

Сіздер экономистсіздер ғой, маған соны түсіндіріңіздерші. Неге біз қарызды қайтпайтын салаға саламыз?

Сол білім саласына да, денсаулық саласына да өзіміздің бюджетте ақша қарастырылған. Мұғалімдерді даярлау, оқыту, мектептерге тиісті материалдық жағдай жасау, мультимедиялық кабинеттер алып беру, медициналық сақтандыруды түсіндіру – мұның барлығы біздің мемлекеттік органдардың тікелей міндеті.

Республикалық бюджеттің бүкіл шығысы осындай нәрселерден құралады, соларға қаржы қараймыз. Бірақ біз шетелден, болмаса халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз да, сөйтіп оны қайтпайтын салаға саламыз. Мен осыны түсінбеймін. Қаржыгерлер, маған түсіндіріп беріңіздерші", — деді мемлекет қарызының өсуіне алаңдаған депутат. 

Бектаев мемлекеттік борыштың қауіпсіз деңгейде сақталып отырғанын қайта-қайта айта берген қаржы вице-министрін сынады.

"Соңғы 5 жылда үкіметтің қарызы 5,8 есеге өскен. Бүгінде мемлекеттік қарыздың жалпы көлемі ЖІӨ-нің 50 процентіне жуықтады. ЖІӨ-нің 50 проценті деген Қазақстанның бар тапқан табысының тең жартысы. Түсінесіз бе?", — деді ашынған депутат. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752622-karyzymyz-bastan-asady-senat-deputaty-bektaev-vice-ministrge-sjlikti/

pixel