RU
Үкімет Ұлттық қордан тағы да ақша алғалы жатыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Үкімет Ұлттық қордан тағы да ақша алғалы жатыр

Рассказать Вконтакте

Үкімет 2019-2020 жылдардағы бюджет тапшылығын жою үшін Ұлттық қордан тағы да ақша алмақшы. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үкімет Ұлттық қордан тағы ақша алғалы жатыр

Тимур Сүлейменов. Фото: abctv.kz

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 триллион 450 миллиард теңге, 2020 жылы 2 триллион 300 миллиард теңге, ал 2021 жылы 2 триллион теңге сомасында белгілеу қарастырылуда", - дейді Сүлейменов.

Наурыз айында ғана Сүлейменов басқаратын министрлік Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың жыл сайын қысқарып, 2019 жылы 2 триллион 300 миллард теңгені құрайтынын мәлімдеген болатын.

Сүлейменовтің бүгінгі баяндамасында ол тағы 150 миллиард теңгеге көбейіп кеткен.

2020 жылға жоспарланған Ұлттық қордан бөлінетін ақша көлемі де 300 миллиард теңгеге артық.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel