RU
Қайрат Нұртас жас табынушысының үйіне барып, оған тосын-сый жасады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртас жас табынушысының үйіне барып, оған тосын-сый жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әншінің жас табынушысының үйіне барған видосы желіге тарап көпшілікті тәнті етті. Қайрат Нұртас өзінің жанкүйеріне арнайы тосын-сый жасаған. Оқиғаның видеосын әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NUR.KZ.

Аталмыш видеода Қайрат Нұртас жас табынушысының үйіне келіп, оған тосын-сый жасағаны көрініс тапты. Отандық әнші кішкентай жанкүйеріне өз атынан сыйлығын да ала келген.

Сүйікті орындаушысын көре сала балақай орнынан қозғала алмай, ұялып отырып қалды. Алайда, Қайрат Нұртас жас табынушысының қасына өзі барып, оған әкелген сыйын өзі табыстаған. Бейнежазбада балақайдың анасы да бой көрсетті.

Желі оқырмандары әншінің бұл игі ісіне риза болып, оның кішіпейілділігіне жоғары бағасын берген. Көпшілік жұлдыздың дәл осы жанкүйерінің үйіне баруына не себеп болғанын біле алмай әлек болуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel