RU
Роза Әлқожа отбасын елден жасыратын інісіне қатысты пікір білдірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Әлқожа отбасын елден жасыратын інісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының Oybay Life бағдарламасына сұхбат берген Роза Әлқожа отбасын жасыратын інісі Әбдіжаппар Әлқожа туралы айтты. Айтуынша, өнердегі шәкірті, өмірдегі інісінің жеке өміріне ол еш араласа алмайды. Сондықтан, Әбдіжаппардан әйеліңді көрсет-көрсетпе деп талап ете алмаймын дейді әнші.

Інісінің жұлдызын жағып, оны өнер әлеміне әкелген Роза бауырының жеке өміріне араласа алмайтынын жасырмады. Айтуынша, ол жеке өмірін елге көрсеткісі келмейді екен.

"Бұл оның шешімі. Ол жеке өмірі туралы айтқысы келмейді. Мен өзім ешқашан отбасымды елден жасырған емеспін, күйеуімді, балаларымды. Мен оны тәрбиелеп, өнерге әкелдім.
Бірақ оның жеке өміріне араласа алмаймын. Қазір тіпті оның өнеріне де араласпайтын болдым. Жас емес, жиырма жастағы жігіт емес. Жиырма бесте. Бәрін өзі шешеді", - деді ол.

Бағдарламаның толық нұсқасын Oybay Life жобасының толық шығарылымынан көре аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel