RU
“Құрмет” орденін иеленгісі келген өскемендік ұры қолға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

“Құрмет” орденін иеленгісі келген өскемендік ұры қолға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Өскемендік тәртіп сақшылары үй тонаушыны ұстады. Бір қызығы, ол өз ұрлыққа түскен үйден жалғыз затты қолды еткен деп хабарлайды Алтайньюс.

“Құрмет” орденін иеленгісі келген өскемендік ұры қолға түсіп қалды

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

9 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында 52 жастағы Өскемен тұрғыны полицияға үйіне ұры түскенін хабарлаған.

Оның айтуы бойынша, сағат 15:45 пен 16:30 аралығында белгісіз біреу жеке үйдің терезесінен түсіп, екінші қабаттағы жатын бөлмеден әкесіне тиесілі «Құрмет» орденін жымқырып кеткен.

Тәртіп сақшылары істің ізін суытпай күдіктіні қолға түсіріп үлгерді. Қылмыскер бұған дейін де сотты болған 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл жолғы айыбын да толық мойындап отыр.

Ал 76 жастағы өскемендік қарияға тиесілі орден иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта іске қатысты қылмыстық кодекстің 188 бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel