RU
Бақытсыз елдер тізімінде Қазақстан қай орында тұр?
Жаңалықтар Қоғам

Бақытсыз елдер тізімінде Қазақстан қай орында тұр?

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Gallup қоғамдық пікірді зерттеу институның ғалымдары негативті және теріс эмоцияларды көбірек сезінетін елдер рейтингін жасап шығарды деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: timelady.ru

Көрнекі фото: timelady.ru

Сауалнамаға 146 елдің тұрғындары қатысқан. Онда Қазақстан халқы теріс эмоцияларды басынан көп өткермейтіні белгілі болды.

Сонымен, еліміз бұл тізімде 17-орынға жайғасып, Ресей, Моңғолия, Болгария, Польша, Қырғызстан және Эстония халқының көрсеткішімен деңгейлес болып шықты.

Ең бақытсыз халық Орталық Африка Республикасы болса, одан кейінгі орында Ирак пен Судан тұр.

Керісінше, үнемі көңілді жүріп, өздерін қуанышты сезінетін халық Парагвай, Колумбия, Сальвадор, Гватемала және Канада тұрғындары екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel