RU
Жаңа қаржы министрі болып кім тағайындалуы мүмкін?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жаңа қаржы министрі болып кім тағайындалуы мүмкін?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның қаржы министрінсіз қалғанына осымен төртінші күн. Қаржы министрлігінің жаңа басшысын әлі де тағайындаған жоқ. Мамандар бұл лауазымды қызметке кімнің келуі мүмкін туралы өз болжамдарымен бөлісті деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлихан Смаилов, Болат Жәмішев, Бауыржан Тортаев Фото: strategy2050.kz, BNews.kz, Liter.kz

Әлихан Смаилов, Болат Жәмішев, Бауыржан Тортаев Фото: strategy2050.kz, BNews.kz, Liter.kz

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев пен Бақытжан Сағынтаев бұл тұрғыда ортақ мәмлеге келе алмай жатқаны туралы болжам бар.

"Қазіргі таңда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың пікірі аса маңызды болып отыр. Өйткені оның басқаруындағы Ұлттық банк Қаржы министрлігімен тығыз жұмыс істейді. Сағынтаев та қолайлы Қаржы министрлігінің басшысымен жұмыс істеуге қызығушылық білдіруде. Лауазымды қызметке өз таныстарын шығарғысы келетіндер де бар. Алайда, олар Сағынтаевтың көңілінен шықпауы да мүмкін. Кейбір тұлғалар президентпен тікелей байланысқа шыға алатын Исекешевке ұсынуда. Мұнда бұл орынға қызығушылық танытып жатқандар саны жетерлік" , - деп ойлайды саясаттанушы Досым Сатпаев.

Мамандар Қаржы министрі лауазымына келе алатын үш үміткерді атап, өз болжамдарымен бөлісті. Олардың қатарында Елбасы көмекшісі Әлихан Смаилов, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаев және Қазақсатнның даму банкінің басшысы Болат Жәмішев бар.

Айта кетейік, бұрынғы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 11 қыркүйек күні Астана әкімі болып тағайындалды. Ал Әсет Исекешев болса, президент әкімшілігін басқарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel