RU
8 немересі бар әже жақында төртемді дүниеге алып келеді
Жаңалықтар Әлемде

8 немересі бар әже жақында төртемді дүниеге алып келеді

Рассказать Вконтакте

50 жастағы Трейси Бриттен жақында төртемді босанып, Ұлыбританиядағы ең қарт ана атанады. Әйел Кипрда экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы бала көтеріп, қазір жүктіліктің 25-аптасына таяған. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: South West News Service

Фото: South West News Service

Трейсидің құрсағындағы сәбилері 32 аптаға толғанда, дәрігерлер оны кесер тілігі арқылы босандырып алмақ. Мамандар оған үш қыз бен бір баланың анасы болатынын айтыпты.

"Мен әр жыл сайын тағы бір бала туып алуды қалайтынмын. Жасым 50-ге таяған кезде, оны қолдан жасатайын деп шештім", - дейді Трейси.
Фото: South West News Service

Фото: South West News Service

Әйел өзін сынап, сыртынан сөз айтатындарға мән бермейді екен.

"Мен осы жаста босанып жатқан алғашқы және соңғы әйел емеспін. Жасым 50-де болса да, өзімді одан жас сезінемін. Менің басымнан не өткенін ешкім де білмейді", - дейді ол.

Трейсидің 2003 жылы айырылысып кеткен алғашқы жұбайынан үш баласы бар. Ал Стивенді кездестіргеніне екі жылдың жүзі болыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel