RU
Павлодарда көшеде жүрген бұғы құбырларының ортасына қысылып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда көшеде жүрген бұғы құбырларының ортасына қысылып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда бұғы жылу құбырларының арасынан шыға алмай қалды. Оқиға бүгін таңертең Ломов көшесінде орын алған. Жануардың қайдан келгені әзірге белгісіз деп жазады NUR.KZ.

Фото: instagram.com/tipavlo

Фото: instagram.com/tipavlo

Куәгерлердің хабарламасынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар, мал дәрігерлері келіп жеткен.

Жануар құбырлар арасынан өздігінен шыға алмапты. Бірақ жанына адамдарды да жолатпаған.

Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылып, нәтижесінде оны денсаулығына залал келтірмей құтқарудың жолы табылған.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бұғы қысылып қалған жерінен босай сала қаша жөнеліпті.

Осы уақытта жануарға сырттай қарап тұрған көшедегі жолаушылардың бірін бұғы соғып, жерге құлатып кеткен.

Қазір мамандар жануардың қайдан келгенін анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel