RU
Талғат Ешенқұлов білім вице-министрі қызметінен кетті
Жаңалықтар Қоғам

Талғат Ешенқұлов білім вице-министрі қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Талғат Ешенқұлов басқа қызметке ауысуына байланысты білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жарияланған.

Талғат Ешенқұлов. Фото: edu.gov.kz

Талғат Ешенқұлов. Фото: edu.gov.kz

Ешенқұлов енді Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

40 жастағы Талғат Ешенқұлов Жамбыл облысында дүниеге келген. Бірнеше жоғары оқу орындарын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған Ешенқұлов осыған дейін Жамбыл облысының Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде әртүрлі лауазымда қызмет еткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel