RU
"Әділ Қытай" басшысынан Lamborghini, Maybach және Land Rover тәркіленді
Жаңалықтар Қоғам

"Әділ Қытай" басшысынан Lamborghini, Maybach және Land Rover тәркіленді

Рассказать Вконтакте

"Әділ Қытай " ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысынан Lamborghini, Maybach және Land Rover қымбат көліктері тәркіленді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: oboi7.com

Көрнекі фото: oboi7.comтәркіленді

Қылмыстық топтың ісіне қатысты айыптау үкіміне байланысты топ мүшелерінен қару тасып, жекпе-жектерге барған жеті бағалы көлік тәркіленді.

Олардың тізімінде Mercedes Benz, Lexus LX 570 (2014 жылы шығарылған), Mercedes Benz S 550 (2007 жылғы), Lamborghini Gallardo, Maybach (2006 жылғы), Land Rover (2011 жылғы) және Mercedes Benz ML 350 (2001 жылғы) көліктері бар.

Сондай-ақ, топ басшысы Әділжан Зайнаудиннен 16,4 мың доллар мен 1 млн-нан аса теңге алынған. Ал үй мен бағалы заттар, жер учаскелері сотталушының жанұясына берілген.

Одан бөлек, банда мүшелерін тұтқындаған кезде олар толық қарумен қамтамасыз етілген болып шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда "Әділ Қытай" қылмыстық тобына қатысты үкім шыққан болатын. Нәтижесінде, 12 адам сотталып, басшысы Әділжан Зайнаудин 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Басшы мен оның екі ұлы-Бахтишат Арупов пен Мехришат Зайнаудиннан басқа барлық мүшелер өз кінәсін мойындаған.

Тергеу жұмысы барысында қылмыстық топ 10 жыл бойы тонаумен, адам өлтірумен, бопсалаумен және адам ұрлаумен айналысқан.

Олардың қылмыстарының ізін суытуға Алматы полициясында жұмыс істеген бұрынғы басшы көмектесіп отырыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel