RU
Батыр Байназаровтың жүкті әйелі бұрынғы тобына қайта оралып, ән салмақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Батыр Байназаровтың жүкті әйелі бұрынғы тобына қайта оралып, ән салмақ

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы "Аюмилік" әнші Әсел Жамақаева топ құрамына қайта оралмақ. Алайда, бір концертке ғана. 15 қыркүйек күні орын алатын мерекелік шараға тарап кеткен топ құрамындағы қыздар бас қосып, тыңдармандарымен қауышпақ. Оған қоса, "Аюмилік" арулардың айтар және "көрсетер" жаңалықтары да бар болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Кезінде отандық шоу-бизнесті шулатқан "Аюми" тобының бұрынғы мүшелері бүгінде мүлде басқа. Ашық образдары мен әсерлі әндерімен тыңдарман қауымын баурап алған қылықты сылқымдар бүгінде сабырлы аруларға айналған.

Әнші қыздардың мұндай өзгеріске тап болуына жеке өмірлері себеп болса керек. Бірі ана атанып үлгерсе, екіншісі алғашқы перзентін өмірге әкелуге дайындалып жатыр. Ешкім күтпеген жерден Батыр Байназаровқа тұрмысқа шыққан Әсел Жамақаеваның жүкті екені аталмыш концертке дайындық кезінде әшкере болды.

Бұл қуанышты жаңалықтың бет-пердесін Алуа Қонарова ашты. Ол өзінің Instagram парақшасына бұрынғы әнші қыздарды видеоға түсіріп, Әселдің домаланып шығып қалған ішін көрсетіп қойды.

Өзінің жүкті екенін әншінің өзі де өз парақшасында тұспалдап жеткізгені де анықталды. Ол күйеуімен түскен суретті салып, оқырмандарынан фотодағы үшінші адамды табуын сұраған. Желідегілер бірден оның үшінші адам дегені құрсағындағы сәбилі деп болжаған.

Алайда, жүктілігі жөнінде нақты айтпаған Әсел қуанышымен концерт кезінде тыңдармандарына ішін көрсетіп, бір-ақ айтпақ ойы бар көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel