RU
Биылғы күзде қандай киімдер сәнге айналды?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Биылғы күзде қандай киімдер сәнге айналды?

Рассказать Вконтакте

Биылғы күз мезгілінің сәнді топтамасына гранж стиліндегі былғарыдан тігілген белдемше еніп отыр. COSMOPOLITAN басылымының стилистері оны түрлі оқиғаларға байланысты қандай киімдермен сәйкестендіруге болатынын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Былғарыдан тігілген қысқа белдемше қиғаш сырғытпалы былғары күртешелермен жақсы үйлеседі дейді маманар. Оған қоса аяғыңызға дөрекілеу аяқ киім мен тоқылған жемпір кисеңіз, нағыз сәнді бикеш болатыныңыз анық.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Аталған образды үлкен әшекей бұйымдармен араластырудың қажеті жоқ. Бар болғаны сырға мен жүзік тағып, ұзын бауы бар клатчты қолға ұстасаңыз жетіп жатыр.

Бұл жолы сәнді түстер қатарына қызғылт-сары, жасыл және көк түстер енген.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Бастысы, аяқ киіміңіз барынша бейтарап түсті болғаны жөн.

Егер былғары белдемшемен кездесуге шыққыңыз келсе, оны әдемі түсті, нәзік кофтамен үйлестіруге болады.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Ал достармен басқосуға баратын кезде, келесі суреттегі қыздың стилін қайталап, ыңғайлы әрі сәнді образ жасап алуға кеңес береміз.

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Фото: cosmo.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel