RU
Жолдың қақ ортасында төбелесе кеткен жігіттер жұрттың ашуына тиді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жолдың қақ ортасында төбелесе кеткен жігіттер жұрттың ашуына тиді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасында төбелескен жігіттердің видеосы тарап кетті. Бейнежазба Instagram желісіндегі @kazan_bas парақшасында да жарық көрген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода көліктер жүретін жолдың ортасында болған оқиға көрсетілген. Онда темір тұлпардың қасына барған азамат көліктен түскен жігітпен төбелесе кетеді. Олардың қасында екі әйел адам да тұр екен.

Бұл текетіресті тоқтатуға жан-жақтан жас жігіттер жүгіріп келген. Олар екі азаматты ажыратып, сабырға шақырған.

Оқиғаның нақты қайда болғаны белгісіз. Дегенмен желі қолданушыларының бірі бұл бейнежазба Атырауда түсірілгенін айтыпты.

Видеоны көрген желідегілер түрлі пікірлер білдірген. "Қазақ болып қырылады", "Ажырататындар да бар екен ғой", "Мәдениет сақтау деген жоқ біздің қазақта", "это Атырау, детка", -деп жазған олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel