Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешью" әншісі топ тарап кеткен соң немен айналысатынын айтты

Опубликовано:

Күні кеше Баян Алагөзва "Кешью" тобын тарататынын ресми түрде хабарлаған болатын. Ал бүгін топ құрамындағы әнші Назым Әбілдина алдағы уақытта өзін жаңа қырынан көрсететінін мәлімдеді. Ару топ тарап кеткен соң басқа іспен айналыспақ ойы бар көрінеді деп жазады NUR.KZ.

Назым Әбілдина продюсерінің мәлімдемесінен кейін, өзінің Instagram парақшасына арнайы жазба қалдырған.

"Алақай, достар, менің сіздерге айтар жақсы жаңалықтарым бар. Жақын арада мені мүлде басқа қырымнан көретін боласыздар. Мен нені меңзеп тұр деп ойлайсыздар?", - деп жазған әнші өз әлеуметті желісіне.

Оқырмандар әнші қыздың бұл жазбасынан кейін екі ойлы болды. Көпшілік оның топтан кеткеніне аса қуанышты сияқты екенін болжады.

"Акстрисалыққа бет бұрмақсыз ба?"
"Салон ашып жатқан шығар. Қазір барлық жұлдыздар сөйтеді ғой"
"Жеке әнші болады да. Түсінікті ғой мұнда бәрі"
"Неге Баянға жақпай қалдыңдар? Жеке әнші боғаның дұрыс шығар"
"Тұрмысқа шығатын сияқты меніңше" , - деп жазды оқырмандар.

Әзірге Назым Әбілдина өзінің енді немен айналысатынын құпия ұстауда. Алайда, жаңа қырымнан деуі әншіліктен басқа салаға бет бұратынын білдірсе керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1752693-kesu-nsisi-top-tarap-ketken-so-nemen-ajnalysatynyn-ajtty/

pixel