RU
"Тастап кетті": Мөлдір Әуелбекова алғаш рет күйеуімен ажырасқанын ашып айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Тастап кетті": Мөлдір Әуелбекова алғаш рет күйеуімен ажырасқанын ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова бір жарым жыл жасырын ұстаған құпиясымен бөлісті. Ол 2015 жылы отасқан жарымен қазір бірге емес екенін мойындады. Бұл туралы әнші "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: altyn-orda.kz

Фото: altyn-orda.kz

Әнші күйеуімен дәм-тұзы жараспағанын, екеуінің екі бөлек кеткеніне бір жарым жылдың жүзі болғанын жайып салды.

Оның сөзінше, тұңғыш ұлының әкесі ұлына бес ай болғанда жанұясын тастап кеткен көрінеді.

Содан бері Әуелбекованың ұлын әкесі де, әжесі де іздемеген екен.

"Ешкіммен кездеспейді, баланы ешкім іздемейді. Солай басымнан өтіп жатыр. Мен енді не істеймін? Тағдыр болғаннан кейін көнемін, балам үшін өмір сүремін", - деді ол.

Әнші бұл ақпаратты жасырын ұстауының себебін ұлының болашағына алаңдаушылық деп түсіндірді.

"Балаға кесірі тимесе деймін, көбіне ұлымды уайымдаймын. Қазір ғаламтор бар, оны айтқан соң бала кейін өскен кезде көреді, көңіліне кірбің түседі. Мен қазір ол былай істеді, тастап кетті, себебі мынау деп айтқанымнан ешкімнің ештеңесі кетпейді. Тоқетерінде кейін балам қиналады", - деді әнші.

Жанұясындағы жайсыз жайттан соң Әуелбекова күйзеліске түскенін де жасырмады. Алайда өнерге деген құлшыныс оның жігерін қайта тасытса керек.

Қазір әнші өзінің бақытты екенін, қасында ұлы мен ата-анасы, бауырлары бар екенін айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
2
85
1
11
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel