RU
Қасымов жұмыстарын шикі атқаратын полицейлерді сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Қасымов жұмыстарын шикі атқаратын полицейлерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыстық істердің санын азайтудағы полиция қызметкерлерінің мәселесін ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Қалмұханбет Қасымов. Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов

Министрдің сөзіне сүйенсек, өткен жылдармен салыстырғанда елдегі қылмыс саны көбеймеген. Керісінше, ауыр және аса ауыр қылмыс саны 17 пайызға, орта дәрежелі қылмыс 10 пайызға төмендеген. Тіпті қоғамдық орындарда болатын қарақшылық, ұрлық фактілері мен бұрын сотты болған азаматтар қылмысы да едәуір азайыпты.

«Қазір бұрынғысынша көп орын алатын қылмыс түрі - ұрлық болып отыр. Барлық қылмыстық әрекеттердің шамамен 70 пайызы сонымен байланысты. Мәселен Алматыда 74 пайыз, Алматы мен Ақтөбе облыстарында 72 пайыз", - деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, елдегі құқық бұзушылыққа теріс әсер етіп жатқан криминогендік факторлар - нашақорлық, алкогольге құмарлық, жұмыссыздық, оқу оқымау және отбасындағы келеңсіз жағдайлар екен.

Сондай-ақ, Қасымов өңірлердегі құқық бұзушылық санын азайтуда жергілікті полиция, учаскелік инспектор, ювеналды және жол-патрульдік полициясының қосатын үлесі зор екенін атап өтті.

«Олардың жұмысында көп шикілік барын мойындау керек, тұрғындарға, қоғамдық ұйымдарға тиісті деңгейде сүйеу бола алмай отыр. Тіпті жергілікті басқарушы органдардың да орын алып жатқан құқық бұзушылыққа назар аудармауы үлкен мәселе", - деді министр.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel