RU
Педикюр жасатамын деп бар саусағынан айырылған қыз үлкен қауіпті ескертті
Жаңалықтар Әлемде

Педикюр жасатамын деп бар саусағынан айырылған қыз үлкен қауіпті ескертті

Рассказать Вконтакте

Австралия тұрғыны Таиландтағы курорттардың бірінде демалып, экзотикалық спа-шарасын қабылдайды. Ол аяғына "балық педикюрін" жасатамын деп, бес саусағынан айырылған. Бұл труалы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Оқиға 2010 жылы болған. 2006 жылы дәрігерлер австралиялық арудың бір саусағын кескен. Ол уақытта бойжеткен әйнекті аяғымен басып кеткен соң, ағзасына инфекция түсіп кеткен көрінеді.

Ал Таиландта ол балық жүзіп жүрген аквариумға аяғын салып, саусақтарының өлі терісін тазалайтын спа-шарасын қабылдайды. Кейінірек белгілі болғандай, аурудың асқынуына аквариумдағы судың ластануы себеп болған екен.

Ару Австралиядағы Перт қаласына қайта оралғанда өзін жайсыз сезіне бастайды. Дәрігерлер оған остеомиелит деген диагноз қояды.

2012 жылы қыздың оң аяғындағы бас бармағын кесіп тастайды. Алайда инфекцияның көзі жойылмағандықтан, кейінірек қалған саусақтарын да түгел кесуге мәжбүр болыпты.

Енді автралиялық ару өзінің оқиғасын баяндау арқылы басқа да замандастарын экзотикалық шараларды сақтықпен жасатуға шақырады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel