RU
Қасымов: Денис қарақшылардың бірін ұстаған, ал екіншісі оған пышақ сұққан
Жаңалықтар Қоғам

Қасымов: Денис қарақшылардың бірін ұстаған, ал екіншісі оған пышақ сұққан

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының тілшісі еліміздің Ішкі істер министріне Денис Теннің қалай көз жұмғаны туралы сұрақ қойып, қылмыскерлердің мәнерлеп сырғанаушы жұлдызды қалай танымағанын білмек болды.

Денис Тен. Фото: sputniknews.kz

Денис Тен. Фото: sputniknews.kz

"Екі күдікті де басқа аймақтан келген, әрқайсысы бұрын үш рет сотты болған азаматтар. Олар алдымен көлік жуу орынында жұмыс істеп, кейінірек автокөліктердің айнасын ұрлаумен айналыса бастаған", - деді министр.

Қасымовтың айтуынша, сол күні күдіктілерге ақша керек болып қалған.

"Оларға күнделікті өмір сүруге ақша керек болған. Олар бір пәтерде тұрған. Ешқандай құжаты жоқ болса да, бір пәтерге кіріп алған. Басқа елдерде құжатсыз пәтерде тұра аласыз ба? Енді елестете беріңіз, қаламызда осындай қарақшыларға қандай жағдай жасалғанын.

Осы көліктің (Денис Теннің көлігі) жанынан екі рет өтіп, қымбат, жақсы көлік екенін көрген. Айнасында ешқандай жазу-сызу жоқ екенін тексерген. 300 метр жерден бақылап тұрған", - деді ол.

Ал ұрлық болып жатқан сәтте далаға Денистің өзі шығып қалыпты.

"Ол спортшы болғандықтан бірден қылмыскерге тап беріп, ешқайда жібермей ұстап алған. Содан кейін екіншісі келіп пышақты сұққан", - дейді Қасымов.

Сондай-ақ министр қылмыс әрекетінің нақты мақсаты сот отырысында белгілі болатынын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel