RU
Аяқ-қолсыз туылған павлодарлық ерекше бала мектепке барды
Жаңалықтар Қоғам

Аяқ-қолсыз туылған павлодарлық ерекше бала мектепке барды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында аяқ-қолсыз туылған ерекше бала мектепке барады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: Әділханның анасының мұрағатынан алынды

Фото: Әділханның анасының мұрағатынан алынды

Аяқ-қолдары дұрыс дамымай дүниеге келген Әділхан Қыпшақов ересектердің көрсеткен қолдауы арқасында үйде емес, енді мектепте оқитын болады.

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы Қыпшақовтар отбасында бес бала тәрбиеленуде. 12 жасар Әділхан олардың ішіндегі ерекшесі. Себебі, оның туғаннан аяқ-қолы жоқ. Әйтеседе ол ән айтып, сурет салып, тіпті шахмат ойнайды.

"Мен әнші немесе суретші болғым келеді. Өйткені, сурет салу өте қызықты. Ал ән айтқан кезде көңілім көтеріледі. Осы екі мамандық менің көңіліме жақын", - дейді Әділхан.

Ал анасы Галина "Анасы болғаннан кейін мақтағаным емес, ол шынымен де ашық-жарқын бала. Аяқ-қолым жоқ деп өзін төмен сезінбейді", - дейді баласы жайлы.

Фото: Әділханның анасының мұрағатынан алынды

Фото: Әділханның анасының мұрағатынан алынды

Әділхан австриялық Ник Вуйчичті пір тұтады. Айтуынша, ол секілді танымал болып, адамдарға көмектескісі келеді. Жеткіншек осыған дейін Түркістан облысындағы мамандандырылған интернатта оқыған.

Ол жерден үш жыл бұрын ата-анасы алып кетіпті. Мектеп директоры Әділханның анасынан оны үйде оқытпауды сұрапты. Жетінші сынып оқушысы сабаққа жергілікті билік сыйлаған электр арбамен жетеді. Қыста оны автобуспен алып кетіп отырады.

Бастапқыда Әділханға ыңғайлы болуы үшін оның сыныбын бірінші қабатқа ауыстырыпты. Кейін оған басқа оқушыларға сияқты қарауды шешкен. Өрт баспалдағына арнайы рельс орнатып, тьюторды жұмысқа алған. Енді көмекші қажетті кабинетке дейін жетуге көмектеседі.

Ал Әділхан күн сайын алдында кездескен кедергілерді жеңіп келеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel