RU
Алматыда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев түрмеде асылып өлмек болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев түрмеде асылып өлмек болды

Рассказать Вконтакте

2016 жылы Алматының қақ ортасында терракт ұйымдастырып, он адамның өліміне себепші болған Руслан Күлекбаев өз камерасында көрпенің тысына асылып өлмек болған. ІІМ Қалмұханбет Қасымов оның қатаң бақылауға алынғанын ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қасымов, Күлекаев. Фото-коллаж: NUR.KZ

Қасымов, Күлекаев. Фото-коллаж: NUR.KZ

Ішкі істер министрінің айтуынша, ол қанша шара қолданғанмен өзгеруге әрекет жасамаған.

"Ол бізде өзінің мерзімін қатаң режимде өткеруде. Оның тұтқындағы бөлмесі арнайы видеобақылауға алынған. Осы кезге дейін екі рет өзіне қол жұмсамақшы да болды. Күзетші оның көрпе тысынан асылуға жіп іздегенін байқап қалған.

Ашығын айтқанда, Күлекбаевтың өзгеруге ниеті жоқ. Біз ол азаматпен қанша жұмыс істегенімізбен, ол өз ұстанымынан айнымай отыр", - деді Қалмүханбет Қасымов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel