RU
30 жасында сегіз баланың анасы атанған шымкенттік келіншек көпті сүйсінтті
Жаңалықтар Қоғам

30 жасында сегіз баланың анасы атанған шымкенттік келіншек көпті сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Түркістандық Жанат Ерімбетова 30 жасында 8 баланы дүниеге әкеп, батыр ата атанған. Көп балалы ана бүгінде тоғызыншы сәбиін күтіп жүр деп хабарлайды el.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

18 жасында ақбосаға аттаған Жанат Ерімбетова жұбайыммен қызық жағдайда таныстым дейді.

"Жақын құрбыларымызбен бірге Түркістандағы дәмханалардың бірінде бас қоспақ болдық. Соған бару үшін жол бойында қолымызды көтеріп, такси тоқтатып тұрғанбыз. Көлік тізгіндеген бір жас жігіт тоқтап, жеткізіп салуға ниет білдірді. Айтқан жерге жеткенімізде дәмханаға кіріп, бізбен бірге отырысқа қатысуын сұрады. Сөйтіп, Айдармен танысып, жақын араласып кеттік. Үш ай қыз-жігіт болып жүрдік. Ол үйленуге ұсыныс жасады. Осылайша анамның алдынан өтіп, шаңырақ көтердік. Бұл 2004 жыл еді",-дейді көп балалы ана.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

Бүгінде жас ананың үлкені Арафат 13 жаста, Нұрай 12-де, Мұхаммед 10-да, Арай 8-де, Ибрахим 7-де, Кәусар 6-да, Інжу 4 жаста екен. Ал, отбасының кенжесі Гаухар 2 жаста көрінеді. Жас ана тоғызыншы сәбиге жүкті екен.

"Тұңғышым Арафат дүниеге келгенде атамның әпкесі «мен сияқты батыр ана бол» деп бата берген еді. Ол 15 ұл-қызды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Ақ жаулықты ананың тілегін Құдай қабыл етті. Ұл-қыздарым дүниеге келгенде оларға есім беруге туысқандар таласады. Алла қаласа, тоғызыншы перзентіміздің есімін өзіміз қойсақ деп отырмыз",-дейді көп балалы ана.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
31
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel