Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ашық туберкулезбен ауырған үш жасар бала интернатта бір ай тұрған

Опубликовано:

Алматы қаласында кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен ауырған үш жасар бала "Мамандандырылған балалар үйінде" бір ай тұрған деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: qostanay.kz
Көрнекі фото: qostanay.kz: UGC

Астана қаласының тұрғыны Бауыржан Әділов интернатты ашық туберкулезбен ауырған баланы жасырды деп айыптап отыр.

"Жақында Астана қаласы әкімдігі "Мамандандырылған балалар үйінде" ауыр жағдай орын алды. Бір ай бойы ашық туберкулезбен ауырған бала дені сау балалармен бірге тұрған. Әдеттегідей, бұл істе кінәлілер жоқ. Интернат әкімшілігі де істі жылы жауып қойғысы келіп тұр. Дені сау адамдарға қауіп төндірген азаматтар жазаларын алу керек" , -деген ол өз хабарламасында.

Азамат бұл жағдайды балалар үйіндегі туысынан естіген. Келіншек туысымен біраз уақыт көрісе алмайтынын, өзі туберкулез жұқтырып алған болуы мүмкін екенін айтқан.

Алғашында бала жалпы тексерістен өтіп, кейіннен изоляторда болған. Туберкулез тексеретін сынақтан соң баланың ауру екені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1752755-astanada-asyk-tuberkulezben-auyrgan-s-zasar-bala-internatta-bir-aj-trgan/

pixel