Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір аяғынан айырылған астаналық футболшы елордада дүркіретіп той жасады (видео)

Опубликовано:

Астаналық Бахтияр Мұхаметқалиев қатерлі дертті жеңіп, үлгілі отбасын құрып отырған қайсар спортшы. Ол күні кеше ғана Астана төрінде тойын дүркіретін өткізіп, жақындары мен достарының ыстық ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Спортшы осыдан бір жыл бұрын тағдыр тауқыметіне тап болған. Дәрігерлер футболшының аяғы қатерлі дертке шалдыққанын айтып, Бахтияр шұғыл Германияға аттанады. Шетелдік мамандар, болашағы жарқын футболшының бір аяғына ота жасап, оны алдыртып тастайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Тағдырдың тауқымытіне қарамастан, футболшы бүгінде отбасын құрып, бір жасар ұлын тәрбиелеп отыр. Спортшының ендігі мақсаты ұлын атақты футбошы ету.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Ұлым мен отбасымның арқасында барлық қиындықты жеңдім. Ендігі арманым осы баламды атақты футболшы ету. Ал, тойды әу бастан-ақ осылай жоспарлаған едік. Оған менің сыныптастарым, туған-туыстарым, достарым мен «Астана» футбол клубының, "Астана" футбол федерациясының өкілдері қатысты",-дейді спортшы.

Бахтияр мен айдай сұлу жары тойға арнап әдемі бейнеролик те түсіріп үлгерген.

Онда олар Астананың көрікті жерлерінде суретке түсіп, тойдың қызықты сәттерін көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752765-bir-aagynan-ajyrylgan-astanalyk-futbolsy-elordada-drkiretip-toj-zasady-video/

pixel