RU
Қасымов БҚО-да бастығын атып өлтірген полицей туралы мәлімдеді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қасымов БҚО-да бастығын атып өлтірген полицей туралы мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҚО-да жас полицейдің өзінің командирін атып өлтірген оқыс оқиғаның мән-жайын айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Марқұм Рүстем Рахышев. Фото: КТК

Марқұм Рүстем Рахышев. Фото: КТК

"Иә, мұндай оқиғаның шынымен де бізде орын алғаны рас. Ол тергеу органдары мен қылмыстық полиция емес, саптық бөлімше. Оның негізгі қызметіне әкімшілік, БҚО-дағы сот ғимараттары мен медициналық қоймаларды күзету кіреді", - деп айтты министр.

Генерал-полковник оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кеткенін мәлімдеді. Оның хабарлауынша, өз тексерісіне ішкі қауіпсіздік қызметкерлері де кіріскен. Сотталушы бөлімшеде екі жылдан артық жұмыс істеген. Бұған дейін ешқандай оқиғаларға қатысы болмаған.

"Оның түсіндіруінше, сапта тұрып командирден сөз естігені үшін ол өзін қорланғандай сезінген", - деп айтты Қасымов.

Өзін елдің көзінше сынап тастаған командирді ол саптан шығып, түсіндірме жұмыстарынан кейін қару алған соң атып өлтірген.

"Тергеу жүргізіп жатырмыз. Міндетті түрде сот-психиатриялық сараптама тағайындаймыз. Іске кінәлі адамдардың барлығын жауапкершілікке тартамыз", - деп айтты ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel