RU
Ақтөбеде бокстан әлем чемпионын басшылыққа тағайындады
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бокстан әлем чемпионын басшылыққа тағайындады

Рассказать Вконтакте

Белгілі спортшы, бокстан әлем чемпионы Галиб Джафаров Ақтөбе облыстық Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бұл туралы танымал журналист өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Ол онда:

"Галиб Джафаров жаңа басшылық қызметке келді. Бокстан Әлем чемпионы Ақтөбе облыстық Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды", - деп жазған.

Желі қолданушылары боксшыға жаңа қызметте сәттілік тілеген.

Олар "Жаңа қызмет құтты болсын", "Сәттілік" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel